Прямая трансляция

Астана

Астана

1°C

«Бір-бірін жақтырмаған»: Теміртауда фельдшер қызды әріптесі ұрып-соққан

Теміртаудағы жедел жәрдем станциясында фельдшер әріптесін оңдырмай сабап тастады. Жарақат алған келіншек қазір ауруханада жатыр.

«Бір-бірін жақтырмаған»: Теміртауда фельдшер қызды әріптесі ұрып-соққан
Фото: Pixabay

Жәбірленуші өзіне қол көтерген күдіктінің қатаң жазалануын талап етіп отыр.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға жұмыс орнында болған. 29 жастағы фельдшер әріптесіне жұдырық ала жүгірген. Алдымен қылқындырып, бір екі соққы жасағаннан кейін, шашынан сүйреген.

Әріптестері араша түсіп, әрең ажыратып алған. Анықталғандай, еңбек демалысында болған фельдшер жұмыс орнына жанжал іздеп әдейі келген екен. 30 жастағы келіншек басынан жарақат алып, саусақтары сыныпты. Тексеру барысында жанжалдың қызмет бабына қатысы жоқ, жеке келіспеушілік негізінде жұмыс орнында, әріптестер арасында орын алғаны анықталды.

«Аталаған оқиға бойныша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың емдеу курсы аяқталғанан кейін тиісті сараптамалар тағайындалады», – деді Қарағанды облысы ПД ресми өкілі Бақытжан Құдияров. Бөлісу: