Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Өскемен-Риддер тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды

Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен-Риддер тасжолында жол-көлік оқиғасынан 1 адам мерт болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Өскемен-Риддер тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Фото: ШҚО ПД

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты тасжолдың 4-шақырымында болған.

«ВАЗ 2109», «Honda Inspire» жеңіл көліктері мен «Камаз» соқтығысты. Соның салдарынан «ВАЗ 2109» автокөлігінің жүргізушісі сол жерде көз жұмды.

— Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалған. Соның қорытындысына қарай процессуалдық шешім қабылданады, — деп хабарлады ведомство өкілдері.