Черногория билігі «НеМолчи.kz» қорының жетекшісі Дина Таңсәріні (Динара Смайылованы) қамаудан босатты. Бұл туралы nemolchikz_official Instagram парақшасында жазды.
Кеше «НеМолчи» қорының жетекшісі ұсталып, Подгорицадағы Жоғарғы сотқа жеткізілген болатын. Бүгін Черногорияның Жоғарғы соты Смайылованы босату туралы шешім қабылдады. Оны отанына қайтармайтыны туралы ақпаратты қор өкілдері хабарлады.
— Динаны босатты. Черногорияның Жоғарғы соты Динаны экстрадициялаудан бас тартты. Енді Динаның өзі сіздермен байланысқа шығады, — деп жазылған қордың парақшасындағы жазбада.