Түркияның Ыстамбұл қаласында 28 жастағы өзбекстандық келіншек күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Paryz.kz Hurriyet басылымына сілтеме жасап.
Енді ғана жарияланып жатқан оқиға 6 сәуір күні Картал ауданында болған. Ақпаратқа сәйкес, Өзбекстан азаматы С. Т. 42 жастағы күйеуі Эмре Эриммен қаржылық себептерге байланысты жанжалдасып қалған. Ашуға ерік берген әйел асхана пышағын алып, ер адамды пышақтап тастаған.
Содан соң әйел такси қызметіне телефон соғып:
— Күйеуім ауырып жатыр, ауруханаға апаруым керек, — деп көлік шақырған.
Такси жүргізушісі келгенде ер адам қанға батып жатыр екен. Ол дереу 112-ге хабарласқан. Оқиға орнына жедел жәрдем мен полиция қызметкерлері жеткен.
Әйелді полиция қамауға алды. Марқұмның денесі сараптама жүргізу үшін сот-медициналық мекемеге жеткізілді. Содан кейін оны отбасы мүшелері қабылдап, жерледі. Ерлі-зайыптылардың 4 жыл бірге болғаны және бір баласы бар екені хабарланды.