Бүгін шамамен 20:00-де Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің 6-қабатындағы терезеден құлап кеткен 5 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлады paryz.kz.
Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Алдын ала болжам бойынша, бала терезе алдында ойнап жүріп, москит торын итеріп жіберген.
Ақмола облысының тәртіп сақшылары ата-аналарға тағы да балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және терезелерге арнайы құлыптар орнатуды ескертті.