Прямая трансляция

Астана

Астана

9°C

Су тасқыны: Ақмола облысында бір адам қаза тапты

Ақмола облысында жолдың жабылатыны туралы ескертуге құлақ аспаған жол талғамайтын көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.

Су тасқыны: Ақмола облысында бір адам қаза тапты
Фото: Pixabay

Қайғылы оқиға 5 сәуірде "Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей шекарасы" бағытының 963-шақырымында болды.

Жүргізуші салынған тыйымға құлақ аспай, полиция бекетін айналып өтіп, су тасқынына байланысты жабылған аумақпен өтпек болған. Салдарынан көлікті ағыс алып кетті, - деп хабарлады Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.