Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Көкшетауда бірге тұратын сүйіктісі 51 жастағы әйелдің қабырғасын сындырған

Жұп арасындағы жанжалдың пәтерде болғаны анықталды. Екеуі де мас болған...

Көкшетауда бірге тұратын сүйіктісі 51 жастағы әйелдің қабырғасын сындырған

Көкшетау тұрғыны өзімен бірге тұратын сүйіктісін аяусыз сабады. Соның салдарынан 51 жастағы әйелдің қабырғасы сынған, деп хабарлады paryz.kz, Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 16 наурызда болған. Ақпарат бойынша, Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне жергілікті аурухананың медбикесінен қабылдау бөліміне қабырғасы сынған 51 жастағы әйел жеткізілгені туралы хабар түскен.

Жұп арасындағы жанжалдың пәтерде болғаны анықталды. Екеуі де мас болған. Жанжал кезінде ер адам әйелді ұратынын айтып, қорқыта бастаған. Содан кейін ол әйелге бірнеше рет қол көтеріп, қабырғасын сындырған.

Ер адам кінәсін мойындады. ҚР ҚК-нің "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру" бойынша соталды тергеу жүріп жатыр.