Прямая трансляция

Астана

Астана

2°C

Түнгі клубтағы концертте 59 адам тірідей жанып кетті

Солтүстік Македонияда түнгі клубтағы өрттен 59 адам қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.

Түнгі клубтағы концертте 59 адам тірідей жанып кетті
Фото: Frame Stock Footage/Shutterstock/Fotodom

Кочани қаласындағы түнгі клубта болған Өрт салдарынан 59 адам қаза тауып, 155 адам жарақат алды, олардың 18-і ауыр халде.

Оқиға кезінде клубта 1500-ге жуық адам болған. Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, кейбір адамдар үрей мен дүрбелең кезінде тапталып қалған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт жанғыш материалдан жасалған төбеге тиген пиротехникалық құрылғылардың ұшқынынан шыққан. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккендерді анықтауда.

Құқық қорғау органдары төрт адамға, оның ішінде клуб иесіне қатысты, қамауға алу ордерін шығарды. Ел билігі қаза болғандардың туыстарына көңіл айтып, қайғылы оқиғаға байланысты аза тұту апталығын жариялады.