Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

Таразда зауыт аумағы өртенді

Тараз қаласында ауқымды өрт болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Таразда зауыт аумағы өртенді
Фото: ТЖМ

Өрт Мәмбет батыр көшесінің бойында орналасқан асфальт - бетон зауытының аумағында болған.

Онда құрғақ қамыс пен ескі автомобиль шиналары жанған. Шұғыл жеткен өрт сөндірушілер 650 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.