Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады

Оқиға 5 ақпанда Байзақ ауданында болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Жамбыл облысында қаңғыбас иттер 10 жастағы баланы талап тастады
Фото: istockphoto.com

Бала мектептен шығып, үйіне қайтып келе жатқан. Ауыр жарақат алған оқушы аудандық ауруханаға жеткізілген.

Деректерге сенсек, иттер баланың екі бетін, маңдайы мен самай бөлігін, мұрнын тістеп тастаған. Қазір бала ауруханадан шығарылған, жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған.