Елордада 20 жастағы жігіт 60 жастағы қарияның телефонын сұрап алып, Kaspi-дегі бар ақшасын өзіне аударып алған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Жас жігіт жәбірленушімен жолда танысып, телефонының қуаты таусылып қалғанын айтып, шұғыл қоңырау соғып алу үшін қарияның телефонын сұраған.
Біреумен сөйлесіп жатқандай кейіп танытып, Kaspi қосымшасындағы 100 мың теңге ақшасын өзіне аударып алған. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Күдікті кінәсін мойындаған. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.