Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Анасын ұрған Талдықорған тұрғыны 10 күнге қамалды

Талдықорған қаласы сотының үкімі бойынша 33 жастағы қала тұрғыны анасына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша 10 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Анасын ұрған Талдықорған тұрғыны 10 күнге қамалды
Фото: Kazinform

Оның іс-әрекеті ҚК-нің (Ұрып-соғу) 109-1-бабының 1-бөлігіне сәйкес сараланды. — Жәбірленуші сотта отбасылық жанжал кезінде ұлының оны бірнеше рет ұрғанын айтты, — делінген хабарламада.

Айта кету керек, Қылмыстық кодекске енгізілген түзетулер мен толықтыруларға сәйкес бұл бап әкімшілік құқық бұзушылықтар санатынан қылмыстық құқық бұзушылықтар санатына ауыстырылып, жазаны қатайтуға мүмкіндік берді. 

Статистикаға сәйкес, тек 2024 жылы ҚК-нің 109-1-бабына сәйкес 161 адам, ал 2025 жылдың өткен мерзімінде 31 адам жауапқа тартылған. Облыс прокуратурасы азаматтарды, егер сіз немесе сіздің таныстарыңыз осындай жағдайға тап болса, немқұрайлы қарамай, полицияға міндетті түрде хабарлауға шақырады. Құқықтық тәртіп органдары зардап шеккендерге көмек көрсетуге және заң аясында қорғау шараларын қабылдауға дайын.