Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Жүрегінен, маңдайынан ломмен ұрған»: Сарыағаш қаласында адамшошырлық қылмыс тіркелді

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында қанды қылмыс орын алды, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Жүрегінен, маңдайынан ломмен ұрған»: Сарыағаш қаласында адамшошырлық қылмыс тіркелді
Коллаж: ozgeris.info

Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында айтты. Екінші топтағы мүгедектігі бар Жасұлан Әбдіманапты ауыл бұзақылары айдалаға апарып 14 жерден пышақтап, азаптап өлтірген.

«Менің ұлымды өзінен 4-5 жас үлкен айуандар жауыздықпен өлтіріп отыр. Ішіп-шегіп алған олар баламды 14-15 жерінен пышақтаған. Жүрегінен ұрған, маңдайынан ломмен ұрған. Айдалаға апарып тастап, өздері дым болмағандай көліктеріне қыздарды салып алып тайраңдап кетіп қалған», — деді Жасұланның анасы.

Қылмыс болмас бұрын Мұрат есімді күдікті марқұмға 280 000 несие алғызған. Ең сорақысы күдікті азаматтың әскери қызметкер екені белгілі болды.