Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Әкесі ауылда тараған қауесеттерден кейін қызына келген жігітті бауыздаған

Сурхандария облысында 48 жастағы ер адам қызының жігіті бар деген қауесеттен кейін жас жігітті пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Millar порталына сілтеме жасап. 

Әкесі ауылда тараған қауесеттерден кейін қызына келген жігітті бауыздаған
фото: видеодан скриншот

Тергеу мәліметтері бойынша, жас жігіт қыздың үйіне барған. Сыбыс махаллада тез таралып, қыздың әкесіне де жеткен. Ер адам өзін «масқаралады» деп санап, ашуға бой алдырған. Әкесі ішіп алып, жігіттің үйіне барған.

Айыпталушы жас жігітке бірнеше рет телефон шалып, оған айқайлаған, кейін пышақтап өлтірген. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды.

Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін ішінара мойындап, өкінетінін айтты. Ол Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 97-бабының 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша 12 жылға бас бостандығынан айырылды.