Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлеген

Семейде бір топ оқушының өзінен кіші баланы соққыға жығып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлегені туралы видео тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Семейде бір топ оқушы жасы кіші баланы аяусыз ұрып, мүшеқапты үрлеуге мәжбүрлеген
Фото: istockphoto.com

«Криминальный Казахстан» Telegram каналының мәліметінше, жанжал №9 мектептің алтыншы және жетінші сынып оқушылары мен №15 мектептің төртінші сынып оқушысы арасында туындаған. Оқиғаға қатысты қазір тергеу жүріп жатыр. Абай облыстық Полиция департаменті ресми пікір берді.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Төбелеске қатысушылардың барлығы тез арада анықталып, ата-аналарымен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілді. Жасөспірімдер полиция бөлімінде есепке алынады. Олардың мінез-құлқын облыстық кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау комиссиясы қарайтын болады. Балаларын тәрбиелеуде өз міндетін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналар қатаң жауапқа тартылады. Оқиғаға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою үшін оқу орнының әкімшілігіне ұсыныс жасалады. Тергеу барысы Абай аудандық полиция басқармасы басшылығының ерекше бақылауында», - делінген хабарламада.