Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Арықтаймын деп дәрі қолданған 82 адам қайтыс болды

Ұлыбританияда 82 адам арықтауға арналған препараттарды қолданғаннан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Арықтаймын деп дәрі қолданған 82 адам қайтыс болды
Фото: Pixabay

Ұлыбританияда диабет пен арықтауға арналған дәрілерді, оның ішінде Оземпик (белсенді заты – семаглутид) және Мунджаро (белсенді заты – тирзепатид) препараттарын қолданғаннан кейін 82 адам көз жұмды.

Елдің Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды реттеу агенттігінің (MHRA) мәліметінше, қаңтардың соңына қарай арықтау мақсатында осы препараттарды қабылдаған 22 адамның өлімі тіркелген.

Сондай-ақ, екінші типті диабетті емдеу үшін осы дәрілерді қабылдаған тағы 60 пациент қайтыс болған. Бұл препараттар нарыққа шыққан сәттен бастап, оларды қолданған шамамен 400 адам ауруханаға жатқызылған. Сонымен қатар, Саксенда және Виктоза (белсенді заты – лираглутид) препараттарын қабылдаған 35 адамның өлімі туралы да ақпарат бар.