Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан

Т.Рысқұлов ауданында профилактикалық жұмыстар жүргізу барысында полиция қызметкерлері шетелдік нөмірлі көлікті құжаттарын тексеру үшін тоқтатпақ болған, деп хабарлайды

Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан
Polisia.kz

Алайда Honda Odyssey автокөлігінің жүргізушісі полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетпек болған.

Тәртіп сақшыларына оны қуып жетіп, тоқтатуға тура келді. Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің кәмелеттік жасқа толмағаны және көлік жүргізу құқығы болмағаны белгілі болды.

15 жастағы бала әкесінің көлігін үйінің алдынан рұқсатсыз айдап кеткен. Жасөспірімнің заңды өкілі - әкесіне қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны және заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болғаны үшін екі әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Іс материалдары процессуалдық шешім шығару үшін кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды, - делінген ақпаратта.