Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ер адам жаңа туған сәбиін даладағы дәретханадан тауып алды

Ресейде ер адам жаңа туған ұлын даладағы дәретхана шұңқырынан тауып алды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Gazeta.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам жаңа туған сәбиін даладағы дәретханадан тауып алды
Фото: istockphoto.com

Басылымның мәліметінше, Ленинград облысы Ломоносов ауданындағы жеке үйлердің бірінде отбасы егіз сәби күтіп жүрген. Жүктіліктің 34-аптасында әйел адам мерзімінен бұрын босануға мәжбүр болды.

Жедел жәрдем жеткенше әйел адам дәретханаға шығып келмек болып, сол жерде босанып қалған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер сәби мен оның анасын дәретханадан шығарып, ауруханаға жеткізді.

Ал отағасы осыдан кейін дәретханаға кіргенінде шұңқырдан өлі сәбидің мәйітін тапқан. Ол өлім себебін анықтау үшін сараптамаға жіберілді.