Өзбекстанда ер адам әйелін 97 рет пышақтап өлтірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Nova24.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Айуандықпен өлтіру оқиғасы 2025 жылы 5 ақпанда Әндіжан облысының Алтынкөл ауданында болған.
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, олардың арасында жанжал туындап, салдарынан ер адам некедегі әйелін асхана пышағымен денесінің 97 жеріне пышақ сұғып өлтірген.
ІІ топтағы мүгедек әйел алған жарақатынан көз жұмды. Тәртіп сақшылары ер адамға қатысты 97-баптың 1-бөлігі (Қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғап, күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады.
Ол 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.