Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Астанада пәтері өртенген ер адам қалың көрпені бір-біріне жалғап, 9-қабаттан жерге түспек болған

Астана қаласындағы биік үйлердің ең жоғарғы қабатында өрт шығып, қалың түтіннен қашпақ болған ер адам үйдегі көрпелерді бір-біріне жалғап, төмен түспек болған. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар оны арнайы техниканың көмегімен құтқарып алған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Астанада пәтері өртенген ер адам қалың көрпені бір-біріне жалғап, 9-қабаттан жерге түспек болған
фото: видеодан скриншот

«Сарайшық ауданында Нәжімеденов көшесінде тұрғын үй кешенінің тоғызыншы қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше ер адам бірнеше жайманы байлап, төмен түсуге тырысқан. Құтқарушылар оны дәрігерлерге тапсырды», - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.