Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.8°C

Астанада сабақ беретін әйел мұғалім 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты

Мысыр Республикасының Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында Қазақстанның еңбең сіңірген бастауыш сынып мұғалімі Айгүл Ержаеова рекорд орнатып, екі алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Астанада сабақ беретін әйел мұғалім 54 жасында 100 келі зілтемір көтеріп, рекорд орнатты
фото: видеодан скриншот

Қалалық білім беру басқармасының баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, Айгүл Ержанова бұл спортқа 52 жасында келген. Қазір жасы 54-те. Жиырмаға тарта мемлекеттің өкілдері қатысқан жарыста Айгүл Ержанова 100 кг зілтемір көтеріе, екі алтын медаль иеленді.

«Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, көбі мені басында Қытайдан келген спортшы деп ойлап қалды Алайда, рекорд орнатып, Қазақстаннан келген мұғалім екенімді білгенде, бәрі қошемет көрсетті», - дейді Айгүл Ержанованың өзі. Айта кетейік, Айгүл Ержанова Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. Былтыр президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.