Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Елордада полиция қызметкері көз жұмды

Астаналық полицей жаттығу залынан шыққаннан кейін есінен танып, сол жерде қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Елордада полиция қызметкері көз жұмды
Фото: ПД

- Қызметкердің қаза болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдын ала ақпарат бойынша ол жаттығу залынан шыққан соң есінен танып қалған. Жедел жәрдем бригадасы дереу реанимациялық шара қабылдады, бірақ адамды құтқару мүмкін болмады, - делінген хабарламада. 

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі - миокард инфарктісі.  Өз кезегінде Ішкі істер министрі Ержан Саденов әлеуметтік желідегі жеке парақшасында тәртіп сақшысының отбасына көңіл айтты.

- Мезгілсіз дүниеден өткен Астана қаласы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету отрядының аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес. Ішкі істер министрлігі оның отбасына барлық қажетті қолдауды көрсетеді, - деген жазба қалдырды министр.