Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен...
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында 15 наурыз күні 2 бала газдан уланып қалды, деп хабарлады paryz.kz, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Секисовка ауылында тұратын 2006 жылы туған жасөспірім мен 2013 жылы туған оның әпкесі Ана мен бала орталығына түскен.
Белгілі болғандай, зардап шеккендердің анасы таңертең пешті жағып, жұмысқа кеткен. Балалармен бірге үйде әжесі қалған. Түскі астан кейін балалар ауырып тұрғандарын айтып, анасына хабарласқан. Анасы дереу жедел жәрдем шақырып, балалар ауруханаға орташа ауыр жағдайда жатқызылды. Әжесі газдан уланған жоқ.