Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Баланың интимді аймағынан ұстаған»: Алмас Кішкенбаевтың басы дауға қалды

Алматы полицейлері оғаш оқиға тергеп жатыр, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Баланың интимді аймағынан ұстаған»: Алмас Кішкенбаевтың басы дауға қалды
фото: видеодан скриншот

Козачков телеграм арнасының жазуынша, кеше түнде құқық қорғау органдарына кәмелетке толмаған баланың әкесінен арыз түскен. Ол курьер болып жүмыс істейді. 2007 жылы туған жігіт кешкі тоғыздар шамасында бір мекен-жайға үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс алған.

Дүкенге кіріп, тауарды алып, тұтынушыға апарды. Содан кейін түсініксіз жағдай болады. 17 жастағы жасөспірімнің айтуынша, 40-қа таяған ер адам сыраға тапсырыс беріп, содан кейін курьерге оны бірге ішуді ұсынған.

Оның үстіне, сол кезде ер адам 11-сынып оқушысын интимдік аймағынан ұстап алған. Курьер бала дереу үйіне барып, әкесіне бәрін айтып, құқық қорғау органдарына хабарласқан.

Арызда келтірілген уәждерді тексеру аясында полиция қызметкерлері сыраға тапсырыс берген адамның пәтеріне барып, оны полиция бөлімшесіне жеткізген.

Телеграм арнадағы мәліметке сүйенсек, аталмыш оқиға қатысы бар адам белгілі әнші Алмас Кішкенбаев екен.