Әлеуметтік желіде екі әйелдің төбелесіп жатқан видеосы тарады. Оқиға Астанадағы балабақшалардың бірінде болған, деп хабарлайды Paryz.kz.
Екі ананың не үшін төбелескені белгісіз. Полиция департаменті қазір оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
«Тараптар физикалық зақым келтірді деген шағыммен полицияға жүгінген. Бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады», - деді Полиция департаменті.