Прямая трансляция

Астана

Астана

-11.03°C

«Біреуі комада жатыр»: Атырауда мемлекеттік қызметкерлер жаға жыртысқан

28 қаңтарда Атырау қаласындағы ең қымбат мекемелердің бірі «Beer House Villa» ғимаратында прокурор Асқар Жанысбаев пен Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын Сауданбеков пен оның орынбасары Әліби Бағытжанов арасында төбелес болды, деп хабарлайды Paryz.kz АқЖайыққа сілтеме жасап.

«Біреуі комада жатыр»: Атырауда мемлекеттік қызметкерлер жаға жыртысқан
Фото: rupor.md

Қолда бар мәліметтерге сәйкес, А.Бағытжанов төбелестен кейін облыстық ауруханаға жеткізілге, қазір ол комада жатыр. Атырау облыстық Полиция департаменті оқиғаның болғанын растады.

«Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға прокурорлардың қатысуын қоса алғанда, барлық мән-жайды анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тергеу жүргізіп жатыр», — деп мәлімдеді облыстық ПД.