Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

«Ей, жынды, кет жоғал»: Таразда ер адам ерекше қажеттілігі бар сәбиді балағаттап, қол көтерді

Таразда дәмханалардың бірінде балаларға арналған ойын алаңында еңгезердей ер адам денсаулығына байланысты ерекше қажеттілігі бар кішкентай баланы балағаттап, қол көтерді, деп хабарлайды Paryz.kz Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 


«Ей, жынды, кет жоғал»: Таразда ер адам ерекше қажеттілігі бар сәбиді балағаттап, қол көтерді
фото: видеодан скриншот

Видеоны әлеуметтік желіде денсаулығына байланысты ерекше қажеттіліктері бар сәбидің анасы жариялады. Белгілі болғандай, төрт жасар баланы әйел адам жалғыз қарайды.

«Мүгедек балама көрінген адам аузына келгенін айтып кете беруі керек пе? Олай неге айттың деп адамгершілікпен сұрап едім. «Балаңды мұндай жерге алып келме» деп кешірім сұрайтын адамға ұқсаған жоқ. Бірақ заң жүзінде оған ешқандай шара қолданбайды екен. Себебі баламды ұрмаған, жарақат алмаған. Бірақ мүгедек балаларды басынан шертуге, балағаттауға болады екен. Өзім – жалғызбасты анамын. Шынымды айтсам, қиын. Баламды қоғамнан шеттетті. Ерекшелігімізді бетімізге басты. Қан қысымым көтеріліп, өте ауыр жағдайға түстім», - деп сәбидің анасы өксігін әрең ұстады.

Оқиға орнына полиция шақырылды. Ер адам заңсыз әрекеті үшін жазаланды.

«Бұл факт бойынша 35 жастағы ер адам «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал әкімшілік сотқа жіберілді», - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД.