Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды

Орал қаласының екі тұрғыны бірнеше қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Оралда студенттерді бопсалады деген күдікпен қыздар ұсталды
фото: видеодан скриншот

Тергеу деректеріне сәйкес, өткен жылдың қазан айында күдіктілер колледж студентін өз шотынан 40 мың теңгені аударуға мәжбүрлеген.

«Сонымен қатар тергеу барысында ұсталғандардың бірінің басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды. Ол мектеп оқушысынан ақша бопсалап, колледж студентінің қаражатын иемденіп, сондай-ақ басқа студенттің ұялы телефонын ұрлап, оны ломбардқа өткізген», - деп жазды ҚР ІІМ. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.