Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Көзін ойып алған»: Балабақшада жантүршігерлік жағдай болды

Мәскеу маңындағы балабақшалардың бірінде қайғылы жағдай болды. 4 жасар балабақша бүлдіршіні өз тобындағы қыздың көзін қарындашпен ойып алған, деп хабарлайды Paryz.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

«Көзін ойып алған»: Балабақшада жантүршігерлік жағдай болды
фото: s13.ru

SHOT Telegram арнасының жазуынша, қайғылы оқиға Подольск қаласындағы №34 мектеп жанынан ашылған балабақшада болған. Сурет сабағында 56 жастағы тәрбиеші басқа жұмысына айналып, балалар арасында болған жағдайды байқамай қалған.

4 жасар бүлдіршін сурет салып отырып, абайсызда жанында отырған қыздың көзін қарындашпен ойып алған. Нәтижесінде төрт жасар қыз ауыр жарақат алды. Көз алмасы түсіп, баланың көру қабілетін қалпына келтіру мүмкін болмады.

Жәбірленуші қазір ауруханада, оған екі рет ота жасалған. Балабақшада тексеріс жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесін қарастырып жатыр.