Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Жаңақорғанда қалың қарда қалған 5 мыңнан астам қойдың 50-і қырылған

"Тау беткейінде орналасқан Сүттіқұдық, Қосүйенкі, Қыраш ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді..." - дейді Руслан Сламбекұлы.

Жаңақорғанда қалың қарда қалған 5 мыңнан астам қойдың 50-і қырылған
фото: Tariq Sawyer/National Geographic

Жаңақорғанда қойшылардың қар астында шамамен 50-ге жуық малы қалып қойды. Бұл туралы облыстық ТЖД бастығының міндетін атқарушы Руслан Қайрақбаев мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz, zakon-kz-ке сілтеме жасап.

"Тау беткейінде орналасқан Сүттіқұдық, Қосүйенкі, Қыраш ауылдық округтеріндегі шаруа қожалықтарына тексеріс жұмыстары жүргізілді. Жаңақорған ауданының азаматтық қорғау гарнизонынан 6 қызметкер, 1 техника, ал аудан әкімдігінен 8 қызметкер, 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 5383 уақ мал болғандығы анықталды. Алайда бұл нақты сан емес. Бүгінде комиссия құрылды. Алдағы уақытта қосымша ақпарат беретін боламыз", - деді Руслан Сламбекұлы.

"12-13 наурыз аралығында ауа райы күрт құбылып, 246 шақырымды құрайтын Қызылорда-Түркістан автожолы екі мәрте жабылды. Шиелі, Жаңақорған ауданында 11 техника жұмылдырып, тазалау жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысына кедергі жоқ. Апаттық жағдай орын алмады", - деп қосты "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ Қызылорда облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлыбек Үсенов.