Прямая трансляция

Астана

Астана

-15.03°C

Қызылордада мұғалім кісі қолынан қаза тапты

Қызылордадағы Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектеп ұжымы бастауыш сынып мұғалімі Анар Серікқызы Шәленова кісі қолынан қаза тапты деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Paryz.kz Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылордада мұғалім кісі қолынан қаза тапты

Марқұмның мезгілсіз дүниеден өтуіне байланысты отбасы мен туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз.

Бұл орны толмас қазада сіздердің қайғыларыңызға шын жүректен ортақтастығымызды білдіргіміз келеді. Бұл - бәріміз үшін мезгілсіз келген қайғы, өкініш...

Анар Серікқызы – тек әріптес қана емес, балаларына үлгілі ана, әріптестеріне мейірімді жан, ақылшы дос болды. Үлкен жүректі, жаны жайсаң азамат еді. Марқұмның иманы саламат болып, артында қалған балаларына ұзақ ғұмыр берсін, -делінген мектептің әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Ал degdar-news.kz сайтының жазуынша, марқұмның 4 және 8 жасар балалары қалған. Мұғалімінің өліміне күйеуі күдікті болып отырған көрінеді. Қызылорда облыстық полиция департаменті:

 «Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде.Қазақстан ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді» деп қысқа қайырған.