Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Атырауда 2019 жылы туған бала ойнап жүріп басын орындықтың арқалығына қысып алған. Баланың басын орындық арқасынан өздігінен шығара алмаған ата-анасы 112 нөміріне хабарласқан.
«Құтқарушылар қыстырылып қалған баланың басын бірден «Holmatro» құралы көмегімен босатты», – делінген хабарламада.