Қарағанды қаласының Ермеков көшесінде жеке меншік аумағында 15 шаршы метр алаңда автобус өртенді, деп хабарлайды Paryz.kz.
Дереу келген құтқарушылар автобустың ашық жалынмен жанып тұрғанын анықтады.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өртті тез арада сөндіріп, жақын маңдағы автобусты өрттен қорғауға мүмкіндік туды. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған мәліметте.
ТЖМ автокөлікті пайдалану және электр жабдықтарын мерзімді диагностикалау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді.