Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

Талдықорған әкімдігінің бөлім басшысы әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)

Түн ортасында караокелердің бірінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікпен жүргені анық түсірілген. Оның ішінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да бар...

Талдықорған әкімдігінің бөлім басшысы әйелді соққыға жыққан (ВИДЕО)
фото: ашық дереккөз

Талдықорған қалалық әкімдігінің бөлім басшысына қатысты даулы видео жарияланды. Бейнежазбаны түсіріп тұрған автор әйелді ұрып жатқан шенеунік екенін айтады, деп хабарлады paryz.kz, ҚазАқпаратқа сілтеме жапсап.

Сондай-ақ видеода ішімдік ішкен шенеунікті полиция қызметкерлері тоқтатып, арнайы сараптамаға апарғаны көрсетіледі. Оған қоса, түн ортасында караокелердің бірінде мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік көлікпен жүргені анық түсірілген. Оның ішінде Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары да бар.

Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі даулы видеоға қатысты қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Оқиғаға қатысты қосымша мәлімет жариялайтындарын жеткізді. Ал видеода әйелді ұрған ер адамның Талдықорған қалалық әкімдігінің бөлім басшысы екенін растады.