Семей қаласында екі қабатты жиһаз цехы өртенді, деп хабарлайды paryz.kz.
Абай облысында ТЖМ құтқарушылары жиһаз цехындағы өртті сөндірді.
- Семей қаласындағы Водников көшесі бойында орналасқан екі қабатты жиһаз цехының бірінші қабатында тақтайлар, ағаш үгінділері мен төбе жабыны жанып от екінші қабаттың төбесіне ауысты. ТЖМ күштері қысқа мерзімде жалпы ауданы 250 шаршы метр өртті сөндірді, - деп мәлімдеді ведомстводан.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.