Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Теміртауда ер адам пәтерімен бірге өртеніп кетті

Теміртауда 19 желтоқсан күні бесінші қабаттағы пәтер өртенді. Өрт сөндірушілер оқиға орнынан ес-түссіз жатқан адамды шығарып алды, деп хабарлайды paryz.kz.

Теміртауда ер адам пәтерімен бірге өртеніп кетті
Фото: Қарағанды облысы ТЖД

Өрт 19 желтоқсанда Теміртаудағы Абай көшесіндегі бес қабатты ғимаратта болған. Бесінші қабаттағы пәтерде үй заттары мен жиһаздар өртенген.

Оқиға орнына құтқарушылар келіп, жанып жатқан пәтерден 62 жастағы үй иесін тапты. Ер адам ес-түссіз жатыр, үстінде күйік іздері бар.

Өрт сөндірушілер көшеге шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Алайда дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады. 

ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден газ баллонын шығарып үлгерді және көрші пәтердің тұрғындарын эвакуациялады. Өрт абайсызда темекі шегуден болған.