Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

«Кола ішкен соң есінен танған»: Қаскелеңде 18 жастағы қызды танысы зорлап, сабап, үйінің алдына тастап кеткен

16 желтоқсан күні танысынан зәбір көрген 18 жастағы қыздың жақындары «НеМолчи.kz» қорының басшысы Динара Смайыловадан (Дина Таңсәрі) көмек сұрап жазған. Жәбірленуші жұмыстан келетін уақыттан кешіккенде жақындары іздеу салып, дабыл қаққан. Қаскөйлер қызды түнгі сағат 02:00-де үйінің алдына әкеліп тастап кеткен. Бұл туралы paryz.kz Stan.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Кола ішкен соң есінен танған»: Қаскелеңде 18 жастағы қызды танысы зорлап, сабап, үйінің алдына тастап кеткен
Коллаж: Azattyq Ruhy

Қыздың жақындары іздеу салып, полицияға жүгінген. Сол кезде қыздың сіңлісі үйде жалғыз қалған. Бірде ол қоршаудан әлдекімнің есік қаққанын естиді. Сыртқа шықса, әпкесі жатыр екен.

 “Қыздың үсті-басы кір, шашының бәрі нәжіс, сабап тастаған. Сіңлісі оны суға шомылдырған. Қыз сол кезде мең-зең күйде еді. Жәбірленушіні зорлаған танысы оған кола ұсынған. Ол бірнеше жұтым ішкен соң есінен танып қалған. Арақтың иісі болмаған, өйткені ол сау еді. Бірақ мең-зең, шок күйде болған. Полициядағылар қызға “Оның көлігіне өзің отырдың емес пе?!” деген екен. Зорлаған адам жалғыз болмады деген болжам бар. Олар бірнеше адам болып зорлауы мүмкін”, – делінген жазбада.

Динара Смайылованың айтуынша, жәбірленушінің жақындары іс жабылып, кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп қорқады. Әлі сараптама жасалмаған. Киімдерден биоматериалдар алынбаған, тергеу жұмыстары да тоқтап тұр.

“Күдікті қазір бостандықта. Оны ұстаған жоқ. Қайтадан, барлығының назары зәбір көрген жәбірленушіде. Сондай-ақ Думан деген тергеуші қызды көзбе-көз беттестіруге шақыртқан, болмаса қызды әкелу үшін күзетші жіберетінін айтқан. Ол қызды бөлімшеде ұстаған. Кешкі сағат 20:00-ден 02:00-ге дейін 18 жастағы қызды ұрып-соғып, зорлап, үйдің алдына тастап кеткен. «НеМолчи.kz» қоры ішкі істер министрлігі мен прокуратурадан істі бақылауға алуын және Думан деген тергеушіні тексеруді талап етеді”, – деп жазды Динара Смайылова.