Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Алматыдағы қоймада жұмысшы лифттің астында қалды

2 желтоқсанда Түрксіб ауданындағы «Norma Logistics» ЖШС қойма кешенінің аумағында болған қайғылы оқиғаға қалалық полиция департаментінде түсінік берілді. Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Paryz.kz CMN.KZ порталына сілтеме жасап.


Алматыдағы қоймада жұмысшы лифттің астында қалды

«Түрксіб аудандық полиция басқармасында еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Адам өлімінің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта оқиғаның объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізілуде.

CMN.KZ тілшісі желіде көрсетілген телефондар арқылы «Norma Logistics» ЖШС-мен байланысуға тырысты. Алайда олардың ешқайсысы жауап бермеді.