Ақмола облысында жеке үйде өрт шығып, салдарынан екі бала қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.
Оқиға Бұланды ауданындағы Шұбарғаш ауылында болды. Белгілі болғандай 2017 және 2021 жылы туған екі бала ысқа уланып қайтыс болған.
«ТЖД телефондарына қоңыраулар түскен жоқ. Өртті оқиға куәгерлері сөндірді», - деп хабарлады Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрттің шығу себептерін облыстық өрт сөндіру бөлімінің ғылыми-зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.
Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады.