Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Сүйген жігітін пышақтаған қыз сотталды

Қыз бен жігіт арасындағы романтикалық қарым-қатынас 2019 жылдан бері жалғасып келе жатқаны белгілі болды. Қос ғашық биыл 23-мамырда сағат 19:30 шамасында жігіттің көлігінде кездескен, деп хабарлайды Kazinform Uznews.uz сайтына сілтеме жасап. 

Сүйген жігітін пышақтаған қыз сотталды
Фото: Pexels

Кездесуде жігіт қызды ала алмайтынын, басқа қызға үйленетінін, ата-анасы келіссе, кейін екінші әйелдікке алатынын айтады.

Осы кезде жас жігіт ұялы телефонынан үйленетін қызының суретін көрсетеді. Қыз ашуланып, көлікте тұрған асхана пышағын жігітке 4 рет сұғып алған.Жас жігіт алған жарақатына байланысты ауруханаға жатқызылды. Жағдайға қатысты сот ісі Қарши қалалық Қылмыстық істер бойынша сотында қаралды. 

Сот үкімімен айыпталушы қыз Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабының 2-бөлігінің «л» тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 57-бабына сәйкес 3 жыл 11 айға бас бостандығы шектелді.