Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

Ақмола облысында мектептің жылу қазандығы жарылды

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Молдахметов мектепте 114 бала оқып жүргенін айтты.

Ақмола облысында мектептің жылу қазандығы жарылды
фото: дереккөз

Ақмола облысында Абай атындағы мектепте жарылыс болды. Зардап шеккендер жоқ. Себебі балалар қашықтан білім алып жүр, деп хабарлады paryz.kz, Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Аршалы аудандық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сәйкес, қазандық кеше күндіз сағат 13:10-да жарылған. Балалар қашықтан оқып жүргеннен кейін мектепте көп адам болмаған. Жарақат алғандар жоқ.

Ал аудандық білім бөлімінің басшысы Мереке Молдахметов мектепте 114 бала оқып жүргенін айтты.

"Жарылыстың себебі белгісіз. Қазір сол жаққа бара жатырмыз. Таңға дейін бәрін қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз", - деді ол телефон арқылы агенттік тілшісіне.

Қазандық мектепке жапсарлас салынған құрылыстың ішінде болған. Жарылыс кезінде қосымша үй-жай мен мектептің арасындағы қабырғаның бір бөлігі опырылып түскен. Бірақ бұл төбені тіреп тұрған қабырға емес. Қазандық "Орталық жылу таратушы компания" ЖШС-іне сенімді басқаруға берілген.