Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

61 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді

Солтүстік Македонияда 61 жасында тұңғышын дүниеге әкелген әйел елдегі «ең қарт ана» атанды. Бұл туралы Анадолы ақпарат агенттігі хабарлады.

61 жастағы әйел тұңғышын дүниеге әкелді
Фото: gov.kz

Кирилл және Мефодий университеті жанындағы акушерлік және гинекология клиникасының директоры Ирена Папестьева журналистерге 61 жастағы әйелдің тұңғышын дүниеге әкелгенін мәлімдеген. Ол әйелдің «елдегі ең қарт әйел» атағын алғанын атап өтті.

— Медицина әлемінде шек жоқ. Петар есімді сәбидің салмағы 2,3 келі, бойы 48 см болды, — дейді директор.

Оның айтуынша, жүктілік экстракорпоралды ұрықтандыру арқылы болған және бұл Солтүстік Македонияда бірінші рет болып отыр.

— Еліміздің түкпір-түкпіріндегі әйелдер жүктілік процесін қызығушылықпен қадағалады. Әйел университет клиникасында жүктіліктің 36-аптасында босанды. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр, — деді Папестьева.