Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Жантүршігерлік жағдай: Танымал гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп тастады

Қырғызстанның 17 жастағы танымал гимнасты Дарья Попова өгей әкесінің қолынан қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz Алаш сайтына сілтеме жасап. 

Жантүршігерлік жағдай: Танымал гимнаст қызды өгей әкесі өлтіріп тастады
фото: alash.kz

Марқұм Дарья Попова – көркем гимнастикадан жасөспірім шақта спорт шебері атағына қол жеткізген санаулы спортшылардың бірі болған.

Қыздың анасының адвокаты Ольга Жукованың айтуынша, Дарья мен оның анасы Маргарита Попова кейінгі жылдары қиын кездерді бастан өткерген.

Заңгер Дашаның өгей әкесі бұрынғы әйелі мен өгей қызын аңдып, маза бермегенін айтады. 30 қазан күні Дарья мектепке келмеген. Алайда таңғы сағат 7:38-де қыздың нөмірінен анасына "Мен сабақтамын" деген хабарлама келген. Бірақ арнайы қосымшадағы қыздың мекенжайы мүлдем басқа жерді көрсетіп тұрған.

Қыздың анасы полицияға қыздың ұрланғаны туралы дереу хабарлаған. Қыздың анасының адвокатының айтуынша, тергеушілерде бейнебақылау камераларынан қыздың өгей әкесінің Дарьяны көшеде қалай қуып жетіп, жерге құлатып, кейін көлікке отырғызғаны көрсетілген видеолар бар.

Өгей әке сол күні орналасқан жерін және көліктерін бірнеше рет өзгерткен. 30 қазан күні кешкісін қыздың мәйіті Бішкек шетінде, Таштар-Ата ауданында табылды.

Ал қызды өлтірді деген күдікке ілінген өгей әке Бішкектен 300 шақырым жердегі Балықшы қаласында ұсталған.

Қырғызстанның бас прокуратурасы оқиғаға қатысты “адам ұрлау” және “адам өлтіру” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, өгей әкенің қамауға алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ өгей әкенің бұған дейін де кісі өлтіргені үшін сотталғаны анықталды. "Мен қызымның кеткенін әлі қабылдай алмаймын және түсіне алмаймын.

Бейкүнә баланы не үшін өлтіргенін түсінбеймін? Қызым менің өмірімнің мәні еді", – дейді қыздың анасы Маргарита.