Әлеуметтік желіде екі адамның арасындағы жанжалдың жаппай төбелеске ұласқаны туралы видео тарады. Одан бір адамның талып қалғанын көруге болады, деп хабарлайды paryz.kz.
«Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бүгін Алматы қаласында болған. Аталған факті бойынша Жетісу ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысқандар анықталып, ұсталды», - деп мәлімдеді ведомство.
Сондай-ақ қалалық ПД баспасөз қызметі олардың әрқайсысының іс-әрекетіне жекелей құқықтық баға берілетінін атап өтті.