Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Алматыда жас жігіт жоқ пәтерлерді «жалға берді» деген күдікке ілінді

Алматыда 26 жастағы жігіт бес азаматты алдап үлгерген, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда жас жігіт жоқ пәтерлерді «жалға берді» деген күдікке ілінді
Фото: pixabay.com

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Бостандық аудандық полиция басқармасына бес жәбірленушіден шағым түскен.

«Күдікті интернет желісінде қала аумағында жоқ пәтерлерді арзан бағамен жалға беру туралы жарнама беріп, жәбірленушілерден электрондық төлем жүйесі арқылы алдын ала төлем алып, одан әрі ұялы телефонын сөндіріп тастаған. Қазір 26 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Күдіктінің Жетісу облысынан келгені анықталды», — деп атап өтті Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов. 

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды.