Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ауылда 48 жастағы әйел анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды

14 қарашада таңертең Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында полиция қызметкерлері 73 жастағы әйелдің мәйітін тапты. Алдын ала келтірілген дерекке сүйенсек, марқұмның өліміне ішкі ағзалардағы жарақаттары себеп болған, деп хабарлайды Paryz.kz Мой городқа сілтеме жасап.

Ауылда 48 жастағы әйел анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Фото: Halyq Uni

Порталдың мәліметінше, қылмыс жасады деген күдікке қаза тапқан адамның 48 жастағы қызы ілінген. Қазір ол ұсталған. Алкогольді бірге тұтыну кезінде туыстар арасында жанжал туындағаны айтылады.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі күдіктінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылғанын хабарлады.

ҚР ҚК-нің 106-бабы («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.