Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Қостанайда жедел жәрдемнің кешігуінен науқас әйел көз жұмды

Облыстық аурухананың дәрігерлері оған бірнеше ауру диагнозын қойды.

Қостанайда жедел жәрдемнің кешігуінен науқас әйел көз жұмды
фото: дереккөз

Қостанай облысында Рыспай ауылының тұрғыны жедел жәрдем көлігінің кешігуі салдарынан қайтыс болды, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Аймақта қатты боран болғандықтан, дәрігерлер ол жерге уақытында келе алмады. Құтқарушылар әйелді ауылдан автожолға апарды. Науқас дәрігерлердің қолына қоңырау шалғаннан бір сағаттан кейін түскен.

Облыстық аурухананың дәрігерлері оған бірнеше ауру диагнозын қойды.

"Орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен, ми тамырларының жарылуымен өткір тамыр патологиясы. Науқас ес-түссіз күйде облыстық ауруханаға жеткізілді. Коронавирустың ілеспе диагнозы жағдайды нашарлатуы мүмкін. Жансақтау бөлімінде ем қабылдады. Сондай-ақ, невропатологтар мен нейрохирургтердің қатысуымен кеңес өтті. Өкінішке қарай, науқас қайтыс болды", - деді облыстық аурухананың баспасөз хатшысы Ксения Барабанова.