Солтүстік Қазақстан облысының Явленка ауылында кісі өлімі болды. Күдікті ер адам анасын өлтірген соң ізін жасыру үшін үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды Paryz.kz.
11 қараша күні түстен кейін Явленка ауылындағы жеке үйден өрт шықты. Оқиға орнынан үй иесінің денесі табылды.
Алайда оның өліміне өрт себеп болмағаны, өртке дейін зорлық-зомбылықтан көз жұмғаны анықталды. Оның өлімі бойынша 30 жастағы ұлы күдікке ілінді.
«Полиция 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.