Прямая трансляция

Астана

Астана

-18.03°C

10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жу» дегені үшін өлтірді

Ресейдің Подольск қаласында 10 жастағы қыз әпкесін ыдыс жу дегені үшін өлтірді, деп хабарлады paryz.kz kazinform-ға сілтеме жасап.


10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жу» дегені үшін өлтірді
Фото: istockphoto.com

«Подольскіде 10 жастағы қыз әпкесін «ыдысты жуа сал» деп өтініш жасағаны үшін өлтірді. Алдын ала мәлімет бойынша қыздар бір-бірімен жанжалдасып қалып, арты қайғылы аяқталды», – деді дереккөз агенттік тілшісіне.

Оның сөзінше, оқиға орнында құқық қорғау органдарының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ тергеушілер болған оқиғаның мән-жайын нақтылау үстінде.