Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты

Павлодарда қонақтар үй иелерін сабап, соның салдарынан келіншек көз жұмған, деп хабарлайды Paryz.kz.

Павлодарлық келіншек қонақтарының қолынан қаза тапты
Фото: Halyq Uni

Көңілді отырыс кезінде жанжал шығып, қонаққа келген екі адам үй иелерін соққыға жыққан. Келіншек алған жарақаты салдарынан сол жерде қаза тауып, ер адам ауруханаға жеткізілді.

«Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер Павлодардың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлімдеді Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.